22,2 миллион адам көмекке мұқтаж

Йеменде шамамен 22,2 миллион адам гуманитарлық көмек немесе қорғалуға мұқтаж.

882330
22,2 миллион адам көмекке мұқтаж

Йеменде шамамен 22,2 миллион адам гуманитарлық көмек немесе қорғалуға мұқтаж.

БҰҰ Гуманитарлық істер координация кеңсесінің Йемендегі гуманитарлық мұқтаждықтарға байланысты жаңа жылдық есебінде елде қақтығыстар асқынғандықтан гуманитарлық дағдарыстың баяуламағаны атап көрсетілді.

Есепте «Йеменде шамамен 22,2 миллион адам гуманитарлық көмекке немесе қорғалуға мұқтаж» деп айтылды.

Елде «жедел» көмекке мұқтаж адамдардың саны маусым айынан беру шамамен 1 миллионға артып, 11,3 миллионға жетті.

Йеменде қақтығыстар басталған 2015 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың 15 қазан күніне дейін 8 мың 757 адам қаза тауып, 50 мың 610 адам жарақат алған.

Аталмыш есепке қарағанда,  елде үш миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Шамамен 17,8 миллион адам азық-түлікке, 16 миллион адам таза су және инфрақұрылым қызметтеріне, 16,4 миллион адам жеткілікті медициналық қызметке қол жеткізе алмай отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар