Әскери келісімге келді

Ирак және Ұлыбритания Қорғаныс министрлері хаттамаға қол қойды.

882217
Әскери келісімге келді

Ирак пен Ұлыбритания арасында әскери қатынастарды жетілдіру жөнінде келісім хаттамасына қол қойылды.

Ирак Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда,  бас қала Бағдатқа келген Ұлыбритания Қорғаныс министрі Гэвин Александр Уильямсон Ирак Қорғаныс министрі Ирфан әл Хиялимен бас қосты.

Хабарламада Хияли мен Уильямсонның екі ел әскери қатынастарының жетілдірілуі жөнінде хаттамаға қол қойғаны атап көрсетілді.

Кездесуде сонымен бірге Ирак армиясының әскери дайындығы,  қаруландырылуы,  қауіпсіздік және ақпарат саласында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арттырылуына шешім берілді.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй де 29 қараша күні Бағдатқа сапарлай барған еді.



Ұқсас жаңалықтар