Пентагон соғыс дайындығы қауесеттерін теріске шығарды

АҚШ баспасөзі Пентагонның Солтүстік Корея тақырыбында дайындық жасағанын алға тартты.

881487
Пентагон соғыс дайындығы қауесеттерін теріске шығарды

АҚШ-тың Солтүстік Кореяға әскери операция жасайтыны туралы кейбір медиа мекемелері алға тартылған қауесеттер Қорғаныс министрлігі (Пентагон) тарапынан теріске шығарылды.

АҚШ-тық CBS және NBC телеарналарының Пхеньян әкімшілігінің жаңа бір баллистикалық зымыран сынағына дайындалғанын жариялауы және Солтүстік Корея басшысы Ким Чен-Ынның жаңа жыл баяндамасында енді ядролық қару тетігінің үстелінің үстінде екенін айтуы, Вашингтонда Солтүстік Корея тақырыбындағы пікірталастарды күн тәртібіне әкелді.

АҚШ президенті Дональд Трамп твиттер арқылы Ким Чен-Ынға қайтарған жауабында үстеліндегі тетіктің Кимнің үстеліндегі тетіктен үлкен және іске қосуға дайын екені жайлы жауабы Пхеньян әкімшілігін мазалаған болатын.

АҚШ баспасөзі болса Пентагонның Солтүстік Корея тақырыбында дайындық жасағанын алға тартты.

Пентагон мәлімдемешісі полковник Роб Мэннинг Солтүстік Корея жайлы ортаға атылған қауесеттермен байланысты мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар