БҰҰ Бас хатшысы 2018 жылы жаңа қауіптерге қарсы ескерту жасады

«2018 жылдың алғашқы күні бүкіл әлемге сигнал беремін. Сигналдың дәрежесін 'аса қауіпті деңгейде' деп жариялаймын».

879861
БҰҰ Бас хатшысы 2018 жылы жаңа қауіптерге қарсы ескерту жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш дағдарыс, ұлтшылдық, шетел дұшпандығы, әлеуметтік теңсіздік артқан әлемде 2018 жылы жаңа қауіптердің күткенін ескертті.

Антониу Гутерреш жаңа жыл баяндамасында 2018 жылы халықаралық қоғамды күткен қауіптерге қарсы ескерту жасады.

Гутерреш «2018 жылдың алғашқы күні бүкіл әлемге сигнал беремін. Сигналдың дәрежесін 'аса қауіпті деңгейде' деп жариялаймын» деп ескертті.

Гутерреш БҰҰ Бас хатшылығы міндетіне келген 2017 жылға назар аударып, өткен жылғы баяндамасында 2017 жылын «Бейбітшілік жылы» жасау шақыруын еске салып, «өкінішке орай керісінше болды» деді.

Гутерреш 2017 жылы дағдарыстардың артып, жаңа қауіптер туылғанына назар аударды.

Бас хатшы ескертуін алдымен қырғиқабақ соғыс кезеңінен бері бұрын-соңды болмағанша ядролық қару қолдану уайымына сүйеді. Халықаралық қоғамды бірлік болуға шақырған Гутерреш «Мәселелердің тек қана бірігу арқылы шешіле алатынын» білдірді.

«Дағдарыстарды шешіп, өшті жеңе аламыз, ортақ құндылықтарымызды қорғай аламыз. Бірақ мұны тек қана бірге жасай аламыз» деген БҰҰ Бас хатшысы климат өзгерісінің ықпалы, артып жатқан әлеуметтік теңсіздік және адам құқықтары тапшылықтарына назар аударып, «Ұлтшылдық пен шетел дұшпандығының» артқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар