Түркия мен Тунис байрағы бір-біріне өте ұқсайды

Тунис елбасы Әл-Баджи Каид эс-Сибси «Байрақтарымыз бір-біріне өте ұқсайды» деді.

877160
Түркия мен Тунис байрағы бір-біріне өте ұқсайды

Тунис елбасы Әл-Баджи Каид эс-Сибси «Байрақтарымыз бір-біріне өте ұқсайды» деді.

Тунис елбасы Әл-Баджи Каид эс-Сибси Түркия мен Тунис байрақтарының өте ұқсас екенін білдіріп, «Байрақтарымызға қараңызшы, бір-біріне өте ұқсайды. Байрақтарымызда ай мен жұлдыз бар» деді.

Президент Режеп Тайып Епрдоған Африка турының үшінші аялдамасында Тунис елбасы сарайында Тунис елбасы Әл-Баджи Каид эс-Сибсимен кездесті. Одан кейін баспасөз жиналысы ұйымдастырылды.

Баспасөз жиналысында Президент Режеп Тайып Епрдоғанның сапарының өздеріне абырой әкелгенін білдіріп, «Шындығында өте сәтті және мағыналы бір кездесу өткіздік» деді.

Екі елмен байланысты тақырыптардың қолға алынғанын баяндаған Сибси осы аяда екі жақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық тақырыптардың талқыланғанын айтты.

Түркия мен Тунис арасындағы қарым-қатынастарының тарихына тоқталған Сибси «Осы қарым-қатынастардың тарих бойынша үнемі дамығанын көрудеміз» деді.  

Сибси Президент Ердоғанның өзін Түркияға шақырғанын білдіріп, «Мен шақыруды шын жүректен қабылдадым. Өйткені Түркияға бару басқа бір елге сапарға барғандай емес, өз елімізге барғандай болады» деді.

 

 


Этикеттер: #Тунис , #Түркия , #байрақ

Ұқсас жаңалықтар