Халықаралық қоғам БҰҰ қарарын қуанышпен қарсы алды

Әлемнің көптеген мемлекетінде БҰҰ-ның қарарын тойлау үшін көшеге шықты.

874508
Халықаралық қоғам БҰҰ қарарын қуанышпен қарсы алды

БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дауыс беруде АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді «Израильдің астанасы» деп қабылдау шешімін «жоқ» деп есептеген қарар қабылдауы әлемнің түкпір-түкпірінде қуанышпен қарсы алынды.

Германияның бас қаласы Берлинде жүздеген ереуілші қарарды тойлау үшін көшеге шықты.

Шеруде «Әлем Иерусалиммен бірге жеңіске жетті» ұрандары тасталды.

АҚШ-тың Иерусалим шешімі Лондонда да протест етілді.

Орталығы Лондондағы «Palestine Forum in Britain (PFB)» атты азаматтық қоғам мекемелері тарапынан ұйымдастырылған және Ұлыбританияда Палестина үшін бейбітшілік және әділет акциялары жүргізген активисттер қолдау берген ереуілшілер Лондондағы АҚШ Өкілетті елшілігі алдында жиналды.

Үндістанның Уттар Прадеш штатында жиналған мыңдаған адам қолдарында ұстаған плакаттармен АҚШ-қа қарсы ұрандар тастады.

Сербияның Белград қаласында Қара киген әйелдер қоғамы «Палестинамен біргеміз» ұранымен митинг ұйымдастырды.

Босния-Герцеговинада болса халық Зенижа қаласында шеруге шықты.

Италияның бас қаласы Римде Палестинаға қолдау үшін станд ашылса, Судан мен Мароккода да БҰҰ-ның қарары мыңдаған адам тарапынан қуанышпен қарсы алынды.

Тунисте Палестинаға қолдау үшін көшеге шыққандар «Иерусалим мәңгі Палестинаның астанасы», «Сионисттер шықсын, Палестинаға еркіндік» жазған плакаттар көтерді.

Тайландтың оңтүстігіндегі Патани аймағында болса Палестинаға қолдау митингі ұйымдастырылды.

Митингте түрік жалаулары ашылды. Иерусалим қарарының алдында АҚШ әлі ресми бір мәлімдеме жасамады.

Израиль болса БҰҰ-на наразылығын оның төменгі мекемесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Оқу, Ғылым және Мәдениет ұйымы болған ЮНЕСКО-дан шегіну арқылы көрсетуге дайындалады.



Ұқсас жаңалықтар