АҚШ-тың шешімін ешкім қабылдамады

БҰҰ-дағы дауысқа салуда Түркияның резолюциясы қабылданды.

873329
АҚШ-тың шешімін ешкім қабылдамады
cavusoglu BM.jpg

АҚШ әкімшілігі БҰҰ Жалпы кеңесінде де жалғыз қалды. 

Түркияның бастауымен Қауіпсіздік кеңесінен кейін Жалпы кеңеске ұсынылған Иерусалим резолюциясы 9-ға қарсы 128 дауыспен қабылданды. 

"Израильдің астанасы Иерусалим" деген шешімге 35 ел де қалыс дауыс қолданды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде жариялаған 6 желтоқсан күнгі шешімі осылайша күшінен айрылды. 

Трамп осы мәлімдемесінде АҚШ елшілігін Иерусалим қаласына көшіру үшін нұсқау бергенін де білдірген болатын. 

Алайда БҰҰ резолюциясына қайшы осы жағдайға әлемде ешкім ықылас танытпады. 

Бүгін өткізілген дауысқа салуда да Трамп билігі Иерусалимнің мәртебесі тақырыбында жалғыз қалды. 



Ұқсас жаңалықтар