АҚШ-тың стратегиялық құжатына наразылықтар жалғасуда

АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған 55 беттен тұратын Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына наразылықтар жалғасуда.

872292
АҚШ-тың стратегиялық құжатына наразылықтар жалғасуда

Стратегиялық құжаттың өткен дүйсенбі күні жариялануының артынан CNN телеарнасының бір бағдарламасына қатысқан Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мәлімдемешісі Майкл Антон Трамптың 55 беттен тұратын «құжатты толығымен оқып, оқымағаны» туралы сұраққа жауап қайтарды.

Антон «Президенттің құжаттағы әр сөзді және сөйлемді оқып, оқымағанын айта алмаймын, бірақ құжат бекітілді» деді.

Трамптың 55 беттен тұратын стратегия дайындықтарын тікелей қадағалағанын және нақты жоба жайлы брифинг берілгенін атап көрсеткен Антон құжаттың Трамптың сөйлемдері негізінде дайындалғанын атап көрсетті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың елінің жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын ортаға қойған құжаттарда Ресей мен Қытайдың стратегияларының АҚШ-тың мүддесіне қарама-қайшы екеніне назар аударылған еді.

Құжаттарда «Ресей сияқты актерлер демократиялардың заңдылығына балта шабу мақсатты ақпараттық құралдар қолданады», «Ресей халықаралық қоғамға ықпал ету үшін шабуылдаушы кибер талпыныстарының үзіндісі ретінде ақпараттық операциялар жасауда» сияқты сөйлемдер орын алған, бірақ Трамп стратегияны таныстырған баяндамасында ұқсас сөйлемдерге орын бермеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар