Орыс соғыс ұшақтары Хан Шейхун ауданына әуе шабуылы жасады

Сирияның солтүстігіндегі Иблибтің Хан Шейхун ауданына жасалған әуе шабуылында бірдей отбасынан 10 адам қаза тапты.

870431
Орыс соғыс ұшақтары Хан Шейхун ауданына әуе шабуылы жасады

Идлиб азаматтық қорғаныс мекемесі директоры Мұстафа Хадж Юсуф кеше кешкі уақытта орыс соғыс ұшақтары тарапынан жасалған шабуылда бірдей отбасынан 6 адамның да жарақат алғанын атап көрсетті.

Юсуф әуе шабуылында қаза тапқандардың төртеуінің бала алтауының әйел екенін хабарлады.

Әуе шабуылында напалм бомбаларының қолданылғанын атап айтқан Юсуф «Шабуылда напалм бомбалары қолданылғандықтан мәйіттер өртенген» деді.

Жаралы 6 адамның аймақтағы денсаулық сақтау орталықтарына апарылғанын білдірген Юсуф іздеу құтқару жұмыстарының жалғасқанын мәлімдеді.

Хан Шейхун Асад режимінің 4 сәуір күнгі химиялық қырғынымен күн тәртібіне келген болатын.

Аталмыш қырғында кем дегенде 100 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар