Еуропа Одағы саммиті

Еуропа Израиль-Палестина мәселесінің шешімінде екі мемлекеттік шешім жағында болуда.

868923
Еуропа Одағы саммиті

Еуропа Израиль-Палестина мәселесінің шешімінде екі мемлекеттік шешім жағында болуда.

Еуропа Одағы мемлекет және үкімет басшылары Бельгияның астанасы Брюссельде жиналды.

Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Дональд Туск саммиттің бірінші күнінен кейін Твидтер арқылы жасаған мәлімдемесінде «Еуропа Одағы лидерлері екі мемлекеттік шешім тақырыбында табанды екендерін қайталады» деді.

Туск Одақ мүшелерінің Иерусалимнің мәртебесінің келіссөздер арқылы белгілеу жөніндегі табанды тұғырында өзгеріс болмағанын да жазды.

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерика Могерини да «Бұл шешім Иерусалимнің екі мемлекеттің де астанасы болатын түрде 1967 жылғы шекаралары аясында екі мемлекеттік шешім болуы керек» деді.

Могерини Еуропа Одағының айқын тұғырын 28 сыртқы істер министрлерінің де ашық бір жолдамасымен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға жеткізгенін еске салды.

28 елдің өкілдері қатысқан және бүгін аяқталатын саммитте қорғаныс саласында ынтымақтастықтың тұрақты болуын мақұл көрген PESCO жобасы да іске қосылады. 



Ұқсас жаңалықтар