Босқын дағдарысынан ең көп Түркия ықпал көрді

Ресей Президенті Владимир Путин босқын дағдарысынан ең көп Түркияның ықпал көргенін айтты.

869218
Босқын дағдарысынан ең көп Түркия ықпал көрді

Ресей Президенті Владимир Путин босқын дағдарысынан ең көп Түркияның ықпал көргенін айтты.

Ресей Президенті Владимир Путин 7 жылға жақындаған Сирия ішкі соғыс салдарынан туындаған босқын дағдарысынан ең көп Түркияның ықпал көргенін айтты.

Путин «Сириялық босқындар мәселесі ең үлкен бір мәселе болып табылады. Бұл мәселеден ең көп ықпал көрген ел-Түркия. Бұл мәселені барша әлемнің бірге шешуі керек еді» деді.

Путин Мәскеуде ұйымдастырылған жылдық баспасөз жиналысында Ресейдің экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын және халықаралық күн тәртібіне байланысты тақырыптарды түсіндірді.

Ресей лидері жиналыста алдымыздағы жыл өткізілетін президенттік сайлауға байланысты сұраққа жауап берген кезде Ресейде бұдан кейін инфақұрылым, медицина, білім беру және өнеркәсіп салаларында сапаның арттырылуы керектігін айтты.

Баспасөз жиналысында Сирия дағдарысына да тоқталған Путин Сирия ішкі соғыс салдарынан туындаған босқын дағдарысынан ең көп Түркияның ықпал көргенін атап өтті.

Түркияның ең көп босқынға үй иелігін жасағанын еске салған Путин «Алайда бұл мәселені Сирияның жалғыз шешуі мүмкін емес. Бұл мәселені барша әлемнің бірге шешуі керек. Ресей де осы мәселенің шешілуінде жәрдем беруге дайын» деді. 



Ұқсас жаңалықтар