Ресей батысқа наразылық көрсетті

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова батыстың Сирия жайлы мәлімдемелеріне наразылық көрсетті.

865931
Ресей батысқа наразылық көрсетті

“Вашингтон әкімшілігі Сирияны тастап, Ауғанстан, Ирак және Ливиядағы тапқырлығы жайлы әңгімелесін”.

Ресей сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова АҚШ басшылық жасаған коалицияның Ресейдің Сирияда қол жеткізген табысын «жоқ» деп есептеп, жетістіктерді өзінікі деп қабылдауымен байланысты мәлімдеме жасады.

Захарова Батысқа Мәскеудің табыстарын менсінбеудің орнына жылдардан бері жүздеген адам қаза тапқан, бүкіл инфрақұрылымы қираған Ауғанстан, Ирак және Ливиядағы «тапқырлығына назар аударсын» деп мәлімдеді.

Әлеуметтік медиа арқылы ресми парақшасынан жасаған мәлімдеме Захарова «Батыстық партнерлеріміз соңғы күндері Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ті жеңген Ресей емес, өздері екенін айтатын болған. Мырзалар, осыларыңды тоқтатыңдар! Сіз Иракта, Ливияда және Ауғанстанда табысқа жеттіңіз ғой. Олармен мақтаныңдар» деп жазды.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) Таяу Шығысқа жауапты бөлімшенің мәлімдемешісі Эрик Пахон Сирия жерінің көпшілігін тазалауда Ресей емес, өздері басшылық жасаған коалиция күштерінің үлкен табысы бар екенін алға тартқан болатын.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Мәскеудің Сириядағы ролін мойындамаған коалицияның табыстың өзінікі екенін алға тартқанын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар