Нетаньяху Еуропа елдерін екіжүзділікпен айыптады

Израиль премьер-министрі «Иерусалимді Израильдің астанасы» деп тану шешімін сынға алған Еуроодақ мемлекеттерін екіжүзділік жасаумен айыптады.

865158
Нетаньяху Еуропа елдерін екіжүзділікпен айыптады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың «Иерусалимді Израильдің астанасы» деп тану шешімін сынға алған Еуроодақ мемлекеттерін екіжүзділік жасаумен айыптады.

Францияның астанасы Париж мен Бельгияның бас қаласы Брюссельге сапары алдында мәлімдеме жасаған Нетаньяху «Еуропаны құрметтеумен бірге олардан келген екі екіжүзділікті қабылдауға дайын емеспін. Президент Трамптың тарихи мәлімдемесін сынға алған дауыстар естіліп жатқанда Израильге атылған зымырандарды немесе Израильге қарсы қорқынышты қорқытуларды айыптаған мәлімдемелер естіген жоқпын» деді.

«Бұл екі жүзділікті қабылдамаймын» деген Нетаньяху сапары барысында «Израиль туралы шындықты қорықпай ұсынатынын» атап көрсетті.

Франция және Еуроодақ Трамптың «Иерусалимді Израильдің астанасы» деп тану шешіміне қарсы шығуда.

Париж сапары кезінде Франция президенті Эммануэль Макронмен бас қосатын Нетаньяху Брюссельде де Еуропа сыртқы істер министрлерімен кездеспек.



Ұқсас жаңалықтар