Израиль Газа секторына шабуыл жасады

Израиль Газа секторына ұшақ және танктармен шабуыл жасады.

863805
Израиль Газа секторына шабуыл жасады

Израиль Газа секторына ұшақ және танктармен шабуыл жасады.

Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде «Армияға тиесілі ұшақ пен танктер Газа секторына тән террор ұйымдарының нысандарын атқылады» деген сөздерге орын берілді.

Мәлімдемеде шабуыл барысында Газадан Израильдің оңтүстігіне ұйымдастырған үш зымыран шабуылына тойтарыс бергені алға тартылды.

Тілге тиек болған зымырандардың екеуінің Газа тарапына, екеуінің де Израильдің оңтүстігіндегі бос бір алаңға түскені және ешқандай жаралану немесе қазаға себеп болмағаны білдірілді.

Армияның мәлімдемесінде «Газадан Израильге ұйымдастырылған барлық зымыран шабуылдары үшін Хамасты жауапкершілікке тартқаны» баяндалды.

Израильдің сылтау ретінде көрсеткен зымыран шабуылын болса Газа секторындағы Палестина топтары да мойнына алмады. 



Ұқсас жаңалықтар