Шығыс Гута аймағында 20 адам қаза тапты

Шығыс Гута аймағына бағытталған әуе шабуылдарында 20 адам қаза тапты.

860599
Шығыс Гута аймағында 20 адам қаза тапты

Шығыс Гута аймағына бағытталған әуе шабуылдарында 20 адам қаза тапты.

Сирияның астанасы Дамаск режимінің  қоршауы астындағы Шығыс Гута аймағына бағытталған әуе шабуылдарында 20 адам қаза тапты. Шабуылда ондаған адам жарақат алды.

Азаматтық қорғаныс қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда режим күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарының күн бойынша аймаққа бағытталған шабуыл кесірінен Хаммурие қалашығында 13, Арбин қалашығында 4, Бейт Шева қалашығында 2 және Мисрая ауылында 1 азамат мерт болды.

Әуе шабуылдарында ондаған адам жараланды және көптеген үй жермен-жексен болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура 28 қарашада жасаған баяндамасында Ресейдің ұсынысы бойынша Асад режимінің Шығыс Гутада атысты тоқтатуды қабылдағанын хабарлаған болатын.

5 жылдан бері қоршау астындағы Шығыс Гута Астана келісімдері аясында «дағдарысты азайту аймағы» деп жарияланған және 22 шілде күні атысты тоқтату келісімі атқарылғаны білдірілген еді.

 


Этикеттер: #Сирия , #Дамаск , #Асад

Ұқсас жаңалықтар