Түркия Польшадағы мұсылмандарға жәрдем беруде

Мицкевич «Түркия Польшадағы мұсылман қауым мен татарларды ешқашан  жалғыз тастамады»деді.

858151
Түркия Польшадағы мұсылмандарға жәрдем беруде

Польшадағы Татар қауымы діни лидері және Польша муфтиі Томаш Мицкевич «Түркия Польшадағы мұсылман қауым мен татарларды ешқашан  жалғыз тастамады»деді.

Мицкевич Анкарада Білкент Университетінде ұйымдастырылған «Польшалық мұсылмандар мен татарлардың салт-дәстүрі» атты жиналыс және көрменің ашылуына қатысты.   Польша муфтиі Мицкевич Түркияның Польшадағы мұсылмандарға жасаған жәрдеміне тоқталып, «Түркия әрқашан Польшалық мұсылмандардың және татар қауымдардың жәрдемі үшін атсалысты. Әсіресе Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА мешіттеріміздің және қабірлеріміздің реставрациясына үлкен үлес қосты. Осы еңбектерге орай Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға, түрік үкіметі мен түрік халқына алғыс айтамын» деді.

ТИКА-мен жүргізілген ынтымақтастығының 2014 жылынан осы таңға дейін жалғасқанын баяндаған Мицкевич осы ынтымақтастықтың тіпті ұзағынан сүйіндіретініне сенгенін атап өтті.    

Польшада өмір сүрген татарлардың тарихы түсіндірілген бағдарламаға Польшаның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Межеиз Ланг, Украинаның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Сибиха және көптеген қонақтар қатысты.


Этикеттер: #Польша , #татар , #Анкара

Ұқсас жаңалықтар