"АҚШ арандатып отырған секілді"

Ресей Сыртқы істер министрі Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Кореяны арандатып отырғанын айтты.

858377
"АҚШ арандатып отырған секілді"

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Кореяны арандатып отырғанын айтты.

«Пхеньян билігі АҚШ салдарынан қатаң қадам басуда» деген Лавров «Барлығын Ким Чен Ынның күтпеген қадам басуы үшін істеп отырған секілді» деді.

Лавров Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымының мемлекет басшылары кеңесіне қатысу мақсатымен Белоруссияға келіп,  бас қала Минскте Пхеньян билігінің жаңа баллистикалық зымыран сынағына баға барді.

Солтүстік Кореяға бағытталған экономикалық санкциялар пайдалы болмайды деп ойлайтынын айтқан орыс Сыртқы істер министрі «Ресей АҚШ-тың Корея дағдарысын шешуге бағытталған ұсыныстарына жылы қарамайды» деді.

Солтүстік Корея кеше жергілікті уақытпен сағат 02.48-де жаңа құрлықарасы баллистикалық зымыран ұшырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар