Ресей Палестинаға қолдауын жалғастырады

Путин Палестина халқына қолдауын жалғастыратынын айтты.

857230
Ресей Палестинаға қолдауын жалғастырады

Ресей Президенті Владимир Путин мемлекетінің Палестина халқының өз тағдырын белгілеу құқығына қолдауын жалғастыратынын айтты.

Палестина хабар агенттігі WAFA-да орын алған хабарға қарағанда Ресей Президенті Путин «29 қараша Палестина халқымен халықаралық селбесу күніне» орай Палестина лидері Махмұд Аббасқа жазбаша бір жолдама жіберді.

Путин жолдамасында «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшесі болған және Орташығыс төрттігінде орын алған Ресей Палестина халқының өз тағдырын белгілеу құқығына қолдау көрсету жөніндегі тұғырын қайталауда» деген сөздер қолданды.

Орташығыстағы қақтығысқа халықаралық құқық, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі шешімдері және Араб бейбітшілік талпынысына сәйкес әділетті және кең көлемді бір шешім табу керектігін білдірген Путин осы аяда Израильдің 1967 араб территориясына бағытталған жаулауының аяқталуы және астанасы Шығыс Иерусалим болған Палестина мемлекетінің құрылуы керектігін айтты.

Палестинада халықаралық ымыраға қолдауын түсіндірген Путин халықтың әлеуметтік мәселесінің шешілуіне үлес қосуға және Палестинамен экономикалық байланыстарын күшейтуге дайын екенін атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінің 1977 жылы 29 қараша күнгі шешімімен Палестина мәселесінің шешіміне қолдау көрсету мақсатымен 1978 жылынан осы таңға дейін әр жылы 29 қараша күні «Палестина халқымен халықаралық селбесу күні» ретінде тойлануда. 



Ұқсас жаңалықтар