Бұрынғы министр босатылды

Бұрынғы министрдің босатылғанын қарындасы Ханшайым Нуф бинт Абдулла хабарлады.

857507
Бұрынғы министр босатылды

Сауд Арабиясында жемқорлық айыптауымен қамауға алынғандар арасында орын алған Корольдық қорғаушылар бұрынғы министрі Әмір Мутаб бин Абдулла босатылды.

Бұрынғы министрдің босатылғанын қарындасы Ханшайым Нуф бинт Абдулла хабарлады.

Сауд Арабиясының ресми органдары болса осы тақырыпқа байланысты ешбір мәлімдеме жарияламады.

Бұрынғы король Абдулла бин Абдулазиздің баласы Әмір Мутаб қамауға алынбастан бұрын Сауд Арабиясындағы беделді жасақ Корольдық қорғаушылардың басшылығын атқарған еді.

Әмір Мутабтың шамамен 1 миллиард долларлық дәулетін Сауд Арабия қазынасына беруді қабылдағандықтан босатылғаны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар