Асадтың Израиль премьер-министріне хат жолдағаны алға тартылды

Кувейттегі Әл-Жериде газетіне қарағанда Башар Асад хатын Ресей президенті Владимир Путин арқылы жеткізген.

855971
Асадтың Израиль премьер-министріне хат жолдағаны алға тартылды

Сирия елбасы Башар Асадтың Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға бір хат жолдағаны алға тартылды.

Орталығы Кувейттегі Әл-Жериде газетінің батыстық бір ақпарат көзіне сілтеп жариялаған хабарына қарағанда Асад хатты өткен апта Ресейдің Сочи қаласына ұйымдастырған сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинге табыс етті.

Газет Асадтың Нетаньяхуға жазған хатында «Израиль шекарасындағы Голан төбелерінің Сирия жерінде 40 шақырымдық аймақты қарулардан тазалайтыны» жөнінде уәде бергенін алға тартады.

Асадтың хатында сондай-ақ «Сирияда Күрдтер мен Дүрзилерге автономия беруге» уәде еткенін, осыған қарсы өзінің билігін жалғастыруды талап еткені атап көрсетілді.

Газет Путиннің Сочиде Асадты қабылдауының артынан Израиль премьер-министрі Нетаньяхуға телефон шалып, хатты табыс еткенін жазған.

Хабарға қарағанда Нетаньяху Асадтың хатына жауап қайтармаған. Алайда ұлттық қауіпсіздік кеңесшілерімен тақырыпты бағалайтынын атап көрсеткен.

Әл-Жериде газеті Сирияның ұсынысы алдында Израильдің кейбір шарттар алға тартатынын жазды. Хабарға қарағанда Нетаньяху бірдей автономиялық құрылымның Ливанда да жүзеге асырылуын талап етеді.

Екінші шарт ретінде Израиль Иран әскерлері мен Ливандағы Хизбулланың Сириядан кері шегінуін талап етеді.



Ұқсас жаңалықтар