"Мьянмада болғандар - этникалық тазалық"

Рекс Тиллерсон Америка Құрама Штаттарының заңды жолмен әділетті қамдауға тырысатынын хабарлады.

853178
"Мьянмада болғандар - этникалық тазалық"

Америка Құрама Штаттары Мемлеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Мьянмада тамыз айынан бері 600 мың адамның қашуына себеп болған қақтығыстарды «этникалық тазалық» деп атады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Аракан мұсылмандарының адам шыдамайтын қайғы шеккенін,  осы жағдайға Мьянма қауіпсіздік күштері мен жергілікті буддист қарулы күштерінің жауапты екенін айтты.

Мьянма армиясының қақтығыс басталуына Аракан Рохинджа азаттық армиясының шабуылдарын жауапты деп есептеуін сынаған Тиллерсон: «Осындай қорқынышты қырғынды ешбір арандатушылық орынды қып көрсетпейді» деді.

Тиллеросн айғақтарды мұқият тексеру анализінен этникалық тазалық нәтижесі шыққанын атап көрсетті. Ол Америка Құрама Штаттарының заңды жолмен әділетті қамдауға тырысатынын хабарлады.

Тиллерсон өткен аптада Мьянмаға барып,  елдің іс жүзіндегі басшысы Аунг Сан Чжи және Аракан операциясын жүргізген Штаб-пәтер басшысы Мин Аунг Хлайнгпен кездескен болатын.

Аркандағы оқиғаларға байланысты БҰҰ да қыркүйек айында «этникалық тазалық» жасалды деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар