Нигерияда сиыр шопандарына шабуыл

Адамава уәлаятында сиыр шопандарына жасалған шабуылда 30 әйел мен баланың өлтірілгені білдірілді.

852659
Нигерияда сиыр шопандарына шабуыл

Нигерияның шығысындағы Адамава уәлаятында сиыр шопандарына жасалған шабуылда 30 әйел мен баланың өлтірілгені білдірілді.

Полиция мәлімдемешісі Осман Әбубекір шабуылдың аймақта өмір сүрген Бакама диқандарының жасағаны жайлы қауесеттерді назарға алып, тергеу басталғанын жариялады.

Мийетте Аллах ірі қара мал қоғамы (MACBAN) жасаған мәлімдемеде шабуылдың аймақтағы диқандар тарапынан жасалғаны атап көрсетілді.

Жайлау мәселесі себепті Нигерияның орталық аймағында диқандар мен сиыр шопандары арасында жиі шыққан қақтығыстарда көптеген адам қаза табуда.



Ұқсас жаңалықтар