Иракта қақтығыстың ортасында қалған әйел журналист қаза тапты

Иракта Хашди Шааби күштерімен бірге жүрген әйел соғыс тілшісі Рана әл-Уджейли қаза тапты.

849512
Иракта қақтығыстың ортасында қалған әйел журналист қаза тапты

Ирактың батысында үкімет күштері мен террор ұйымы ДАИШ арасындағы қақтығыстарды қадағалаған бір әйел журналист қаза тапты.

Ирак армиясында қызмет еткен Низар Абдулхамид «Хашди Шаабимен бірге Анбар қаласына қарасты Каим ауданындағы қақтығыстарды қадағалаған соғыс тілшісі Рана әл-Уджейли қаза тапты» деді.

Уджейли Хашди Шаабиге қарасты Соғыс ақпараттық желісі үшін жұмыс істейтін.

Журналисттер үшін ең қауіпті елдер арасында орын алған Иракта Баспасөз еркіндігі бақылау ұйымы мағлұматтарына қарағанда 2017 жылы 7 журналист өлтіріліп, 11 журналист жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар