Оңтүстік Африка Елдері Өркендеу Одағы Зимбабве үшін жиналады

SADC Зимбабведегі төңкерістің артынан Ботсвана Республикасында жедел түрде жиналуға шақырды.

848819
Оңтүстік Африка Елдері Өркендеу Одағы Зимбабве үшін жиналады

Оңтүстік Африка Елдері Өркендеу Одағы (SADC), Зимбабведегі әскери төңкеріс пен қауіпсіздік тақырыптарын қолға алу үшін Ботсвана Республикасында жедел түрде жиналуға шақырды.

Одақ жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ангола, Танзания, Замбия және Оңтүстік Африканың сыртқы істер министрлері бас қосты.

Жиналыс Зимбабведе екі күн бұрынғы әскери төңкеріспен, Мемлекет басшысы Роберт Мугабенің үй қамауында екенінің жариялануының артынан жасалды.

Африкадан 15 ел мүше болған Оңтүстік Африка Елдері Өркендеу Одағы саяси дағдарыстар және аймақтық мәселелерге араласады.



Ұқсас жаңалықтар