АҚШ лауазымы аракандық лагерлеріне барды

Симон Хэншав «Лагерлерде адамдар қиыншылық шегуде» деді.

843175
АҚШ лауазымы аракандық лагерлеріне барды

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі орынбасары өкілі Симон Хэншав аракандықтар болған лагерлерді зиярат еткенде көргендерін «жүректі елжіретті» деген сөзбен түсіндірді.

29 қазан мен 4 қараша күндері аралығында Мьянма және Бангладеште болған Хэншав Сыртқы істер министрлігінің күнделікте баспасөз мәслихатына қатысып, көргендерін айтты.

Хэншов «Лагерде көргендерім адамның жүрегін елжіретеді. Босқын дағдарысы өте үлкен. 25 тамыз күнінен бері үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың саны 600 мыңнан көп. Лагерлерде адамдар қиыншылық шегуде» деді.

Лагерлерде Аракан халқымен әңгімелесу мүмкіндігін тапқанын баяндаған Хэншов «Көптеген босқын көз жасын тия алмай, ауылдарының қалай өртенгенін және туыс-туғандарының қалай қырғындағанын айтты» деді.

Хэншов Мьянмада үкімет лауазымдары мен Аракан қауым лидерлерімен кездескенін білдіріп, Мьянма үкіметіне «адам құқықтарын аяқасты еткені туралы тергеу жасаулары» жөнінде үндеу тастағандарын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар