АҚШ-тағы шабуылда 26 адам мерт болды

Техас штатында бір шіркеуге ұйымдастырылған шабуылда 26 адам мерт болды.

841161
АҚШ-тағы шабуылда 26 адам мерт болды

Америка Құрама Штаттарының Техас штатында бір шіркеуге ұйымдастырылған шабуылда 26 адам мерт болды.

CNN-дің хабарына қарағанда қаза тапқандар арасында екі жасар бір баланың және шіркеу побының 14 жасындағы қызының да болғаны білдірілуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың Техас штатындағы баптистік шіркеулердің бірінде қарулы ер адам оқ жаудырды. Оқиғада кемінде 26 адам қаза тапқан. Ондаған адам жарақат алды. Оқ атқан адам бұрын АҚШ әскери әуе күштерінде қызмет еткен Дэвин Патрик Келли болуы мүмкін. Күдіктінің не себепті мұндай әрекетке барғаны әлі белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

АҚШ Президенті Дональд Трамп болса Твитт  арқылы «Тәңір Техастағы адамдарды қорғасын. Полициялар оқиға жерінде тексеру жүргізуде, мен оқиғаны Жапониядан қадағалап отырмын» деді. 



Ұқсас жаңалықтар