Ресей АҚШ-қа нота берді

АҚШ орыс консулдығының мұрағаты құжаттарды рұқсатсыз тінтіп, тартып алды.

835206
Ресей АҚШ-қа нота берді

Ресей Сан-Франциско бас консулдығындағы мұрағаттарға бағытталған ұстанымы себепті Мәскеудегі АҚШ өкілетті елшілігіне нота бергендерін жариялады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова «Консулдықтағы кейбір мұрағаттар орыс тарапының рұқсатын сұрамай тексерілді, кейін болса пакеттерге толтырылып арнайы жүк тасымалдау фирмасы арқылы апарылды. Әрине АҚШ тарапының  бұл ұстанымдары себепті АҚШ-тың Мәскеу өкілетті елшілігіне бір нота жібердік. Нота Мәскеудегі АҚШ өкілетті елшілігіне табыс етілді» деді.

АҚШ-тықтардың бұл әрекеттерінің Кеңес одағы мен АҚШ арасында 1964 жылы 1 маусым күні бекітілген Консулдық келісім шартының 17 бабына қарама-қайшы екенін атап көрсеткен Захарова аталмыш бапта «Консулдық мұрағаттардың болған жерлерінде әрқашан қол сұғылмаулығы бар» үкімін еске салды.

Ресейдің Сан-Франциско бас консулдығы мен Вашингтон және Нью-Йорктегі сауда өкілеттіктері  өткен айдың басында Вашингтон әкімшілігінің талабымен жабылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар