ҚКП 19-ші сьезі басталды

Қытай Коммунистік партиясының 19-ші сьезі бүгін ел астанасы Пекинде басталды.

829362
ҚКП 19-ші сьезі басталды

Қытай Коммунистік партиясының 19-ші сьезі бүгін ел астанасы Пекинде басталды.

Қытай мемлекет басшысы және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин өткен 5 жылда маңызды даму болғанын білдіріп, сыртқы ашылуды арттыратынын және либерал сауданы ынталандыратынын айтты.

Жиналыстың салтанатты беташарында Си Цзиньпин «Жалпы қауымда орта деңгейдегі тұрмысқа жеткізудегі табысы және Қытай үлгісіндегі  социализмнің жаңа кезеңі» атты баянда жасады.  

Баяндамасында өткен 5 жылдағы маңызды дамушылыққа тоқталған Си болашақта бай бір қауым болу нысанасы үшін жасалатын жұмыстардан сөз қозғады.

Қытай үлгісіндегі социализмнің 2020 мен 2050  жылдары арасында жаңа бір көкжиекке кіретінін атап өткен Си осы кезеңде орта және жоғарғы деңгейде байлыққа жететін, күшті және үйлесімде бір қауым жарату арқылы Қытай Коммунистік партиясының социалист жүйесін заманауи өреге жеткізетінін айтты.

Си «Еліміздің әлемдік экономикадағы рөлін жоғары бағаламау мүмкін емес. Коммунистік партиясы басшылығының икемді экономикалық саясатының арқасында Қытай әлемдегі негізгі тауар өндірушілердің бірі болып табылады» деді. 



Ұқсас жаңалықтар