Ресей Қорғаныс министрі Израильде

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирияда террористтерге қарсы жүргізілген операцияның жақында аяқталатынын білдірді.

828576
Ресей Қорғаныс министрі Израильде

Израильге ресми сапармен барған Шойгу израильдік әріптесі Авигдор Либерманмен кездесуінде жасаған мәлімдемеде «Сириядағы операция жақында аяқталады. Жедел шешім күткен бірнеше тақырып бар. Сириядағы болашақтағы тақырыптарды талқылау керек» деді.

Ресей мен Израиль арасында қолға алынатын көптеген тақырып бар екенін атап көрсеткен Шойгу «Екі жақты әскери және техникалық ынтымақтастыққа қоса, әрине басты және негізгі тақырыптар, террормен күрес және аймақтағы жағдаймен байланысты тақырыптар күн тәртібіміз» деді.

Орыс министр «Әлемдегі террор жұмыстары артқан шарттарда халықаралық қоғамның бұл жамандықпен күресте ынтымақтастыққа қажеттілік бар» деді.

Шойгу келіссөздердің бірін-бірі жақсы түсінуге және Ресей мен Израиль Қарулы Күштері арасындағы достық қарым-қатынастарын күшейтуге үлес қосатынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар