Аракан мұсылмандарына тырысқақ екпесі

Бұл әлемдегі ең ірі екінші акция болып саналады.

824125
Аракан мұсылмандарына тырысқақ екпесі

Мьянманың Аракан штатында армия мен фанат буддисттердің шабуылдарынан қашып, Бангладешті паналаған аракандық мұсылмандар үшін тырысқақ екпесі акциясы басталды. Бұл әлемдегі ең ірі екінші акция болып саналады.

ЮНИСЕФ Бангладеш Денсаулықты сақтау министрлігі бастап,  Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы, Халықаралық миграция ұйымы қолдау берген акцияның басталғанын хабарлады.

Хабарламаға қарағанда Аракандағы қантөгістен қашып, Бангладешке келген босқындар тұратын аймақта 900 мың дана екпе жылжымалы 200 екпе тобына тапсырылды.

Екпе акциясы шамамен бір апта болады. Бірінші сатыда 1 жас және одан жоғары 650 мың босқынға тырысқақ екпесі егіледі деп жоспарланды. 31 қазан күні басталатын екінші сатыда болса 1-5 жас арасындағы 250 мың балаға екінші екпе салынады.

Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының баспасөз хатшысы Кристиан Линдмайер қазірге дейін Бангладешті паналаған аракандық мұсылмандара арасында тырысқақ кездеспегенін білдірді.

Бірақ босқындар тұратын лагерьлер мен уақытша баспаналарда 10 мың 292 іш өту оқиғасы тіркелген.



Ұқсас жаңалықтар