Аргентина авиакомпаниясы Венесуэлаға ұшақ рейстерін тоқтатты

Халықаралық авиация одағы IATA Венесуэланың бара-бара жалғыз қалғанын білдірген еді.

823801
Аргентина авиакомпаниясы Венесуэлаға ұшақ рейстерін тоқтатты

Аргентина авиакомпаниясы Венесуэлаға ұшақ рейстерін тоқтатты.

Аргентина авиакомпаниясы Венесуэлада артқан күш қолдану және саяси белгісіздік салдарынан осы елге рейстердің тоқтатылғанын хабарлады.

Бұдан бұрын да көптеген авиакомпания келісімдерде шыққан келіспеушіліктер және экипаждың қауіпсіздігіне байланысты уайымдар салдарынан Венесуэлаға рейстерін тоқтату шешімін қабылдады.

Колумбияның Avianca компаниясы, Америка Құрама Штаттарының United және Delta авиакомпаниялары биыл Венесуэлаға рейстерін уақытша тоқтатты.

Неміс авиакомпаниясы Lufthansa өткен жылы,  Мексиканың Aeromexico, Италияның Alitalia, Чилиді, Чилидің Tam, Бразилияның Gol және Канаданың Air Canada әуе жолдары компаниялары да 2014 және 2015 жылдары осы елден кеткен болатын.

Халықаралық авиация одағы IATA Венесуэланың бара-бара жалғыз қалғанын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар