АҚШ Сириядағы террористтерге мағлұмат беруі мүмкін

АҚШ террористтердің жойылуы үшін ең үлкен тосқауыл болып табылады.

820692
АҚШ Сириядағы террористтерге мағлұмат беруі мүмкін

АҚШ террористтердің жойылуы үшін ең үлкен тосқауыл болып табылады.

Ресей Қорғаныс министрлігі «Америка Құрама Штаттары Сириядағы террористтерге мағлұмат беруі мүмкін» деген пайымдау жасады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Игорь Конашенков Сирияда Америка Құрама Штаттары бақылауындағы аймақтардан Сирия армиясына шабуыл жасаған террор ұйымы ДАИШ-тің үкімет армиясының орындарымен байланысты мағлұматты АҚШ-тан алуы мүмкіндігін айтты.  

Террористтердің Сирия үкімет күштерінің жасырын орындарын егжей-тегжейлі түрде білгендерін баяндаған Конашенков «Террористтер осы мағлұматтарды тек әуе барлау ұйымы арқылы алуға болады» деді.

Аймақтағы шабуылдардың арасында жалғыз ғана байланыстың болғанын түсіндірген Конашенков «Бұл шабуылдардың барлығы Сирия-Иордания шекарасындағы АҚШ жасақтарының бақылауындағы эль-Танфтан келуде» деген сөздер қолданды.

Конашенков Сирияда ДАИШ-пен күресуде ең үлкен тосқауылдың террор ұйымының әскери санымен байланысты емес екенін баяндап, «АҚШ-тың Сирияда террор топтарына жасаған қолдауы мемлекеттегі террористтердің жойылуы үшін ең үлкен тосқауыл» деді. 


Этикеттер: #АҚШ , #Ресей , #ДАИШ

Ұқсас жаңалықтар