Хавиджені құтқару операциясы басталды

Операцияға Ирак армиясы, федералдық полиция және Хашди Шаби жасақтары қатысуда.

819766
Хавиджені құтқару операциясы басталды

Иракта Киркукқа қарасты Хавидже ауданының орталығын террорлық ұйым ДАИШ-тен құтқару операциясы басталды.

Хавидже операциясының жауаптысы армия генералы Абдулемир Яруллах жазбаша мәлімдеме жариялап: «Армия, федералдық полиция, арнайы күштер мен Хашди Шаби жасақтары Хавидже орталығы,  Рияд және оған қарасты ауылдарды құтқару үшін ауқымды операция бастады» деген сөздер қолданды.

Ирак премьер-министрі Хайдар Әл-Абади 29 қыркүйек күні «Хавиджені құтқару операциясының екінші сатысының басталғанын» хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар