Туристік саяхаттарға тыйым салынды

Ирак Күрд автономиясына бағытталған барлық туристік саяхаттарға тыйым салды.

816780
Туристік саяхаттарға тыйым салынды

Ирак Күрд автономиясына бағытталған барлық туристік саяхаттарға тыйым салды.

Ирак Туризм басқармасы Ирак күрд аймақтық әкімшілігінде дүйсенбі күні өткізілген заңсыз референдумнан кейін осы аймаққа туристік саяхаттардың барлығына тыйым салынғанын хабарлады.

Ирак Туризм басқармасы төрағасы Махмут әл Зүбейди «Бағдаттағы, оңтүстік және орталық уәлаяттардағы туризм фирмалары Ирак күрд автономиясындағы қалаларға турларын тоқтатты» деді.

Азаматтардың Ирактың күрд автономиясына баруға қорқатынын білдірген Зүбейди «Алдымыздағы күндері шетелдік туризм компаниялары мен әуежолы компаниялары да күрд автономиясына сапарларын тоқтатады.  Бұл аймақтың изоляцияға ұшырауы деген сөз.  Енді Ирак күрд автономиясы бұрынғыдай турист тарта алмайды» деді.

Туризм – Ирак күрд автономиясының экономикасындағы ірілігі жағынан екінші табыс көзі.



Ұқсас жаңалықтар