Сауд Арабиясында әйелдер автомобиль жүргізе алады

Сауд Арабиясының билігі әйелдердің автомобиль жүргізуіне рұқсат етті.

814930
Сауд Арабиясында әйелдер автомобиль жүргізе алады

Сауд Арабиясының билігі әйелдердің автомобиль жүргізуіне рұқсат етті.

Сауд Арабиясы королы Селман бин Абдулазиз Әл-Сауд мемлекетіндегі әйелдердің автомобиль жүргізулеріне рұқсат берген шешімге қол қойды. Осылайша Сауд Арабиясының билігі әйелдердің автомобиль жүргізуіне рұқсат етті.

Осы тақырыпқа әлем елдерінен алғашқы мәлімдеме болса АҚШ-тан келді. АҚШ лауазымы бұл шешімге риза болғанын білдіріп, «Бұл шешім даму жолындағы үлкен бір қадам» деп бағалады.

Бұл реформа 2018 жылдың маусымында күшіне енеді. Еске сала кетсек, 23 қыркүйекте корольдіктің негізі қаланғаннан бері алғаш рет әйелдерге стадионға келуге рұқсат етілген болатын. Бұл Эр-Риядта мемлекеттің құрылуының 87 жылдығында іске асырылды. Әйелдерге сол күнгі кеште Фахд патша атындағы халықаралық стадионда опереттаны  көре алды. Сондай-ақ желтоқсанда Сауд Арабиясында әйелдер алғаш рет сайлауға қатыстырылды.



Ұқсас жаңалықтар