Ханзада Гарриге қорқыту жолдады

ДАИШ қорқытты.

814301
Ханзада Гарриге қорқыту жолдады

Invictus ойындары үшін Канадада жүрген Ұлыбритания тағының мұрагерлерінің бірі ханзада Гарриге ДАИШ (ИМ) террорлық ұйымы қорқыту жолдады.

Атының Әбу Угайл екенін білдірген бір террорист ағылшынша видео жариялап, «Жеткілікті батылдығың болса,  неге осында келіп,  бізбен соғыспайсың? Осылайша біз де сені және тікұшағыңды тозақ отына жолдар едік» деді.

Маусым айында Лондонда болған ДАИШ лаңкестігінде жеті адам  өліп, 48 адам жарақат алған еді.

Ұлыбритания тағының мұрагерлерінің бірі Ханзада Гарри болса бұдан бұрын ағылшын армиясында қызмет етіп,  Ауғанстанда да Апачи тікұшақтарын қолданған болатын.

Ханзада аталмыш оқиғаға байланысты жауап бермеді.



Ұқсас жаңалықтар