3 мың әскер жолдайды

АҚШ Ауғанстанға тағы әскер жібереді.

809664
3 мың әскер жолдайды

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Ауғанстанға тағы шамамен 3 мың әскер жолдайтындарын білдірді.

Мэттис Пентагонда журналистердің сұрақтарына берген жауабында Ауғанстанға шамамен үш мың әскер жолдауға байланысты келісімге соңғы қолтаңба қойылмағанын айтты.  «Нақты 3 мың шамасында,  әлі соңғы қолтаңба қойылмады.  Шағын мәселелерді шешуді күтіп отырмыз» деді ол.

АҚШ Ауғанстанға 3 мың әскер жолдағаннан кейін осы елдегі барлық АҚШ әскері саны 14 мыңға жетеді.



Ұқсас жаңалықтар