Иран Ирак күрдтеріне қарсы шықты

"Ирактан бөлінсең, келісімдерді жоямыз"

808834
Иран Ирак күрдтеріне қарсы шықты

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Али Шемхани Ирактан бөлініп шыққан жағдайда, Ирак күрд аймақтық әкімшілігімен арадағы барлық келісімдерді күшінен жоятынын білдірді.

Шемхани Иранның Ирак күрд аймақтық әкімшілігімен жасаған келісімдерінің Ирак аясында екенін айтты.

Шекара қақпаларына байланысты келісімдерге де тоқталған Ирандық лауазым иесі «ИКАӘ Ирактан бөлінсе,  барлық шекара қақпалары мен жолдар жабылады» деді.

Ол Ирак күрд әкімшілігінен референдум шешімін қайта қарауын сұрады.  «Ирактың көршілерінің референдумға қарсы болуы аймақ үшін қиын жағдай» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар