Босқындарды құтқарып қалды

Қаратеңізде бір қайықтағы 150-ден астам босқын құтқарылды.

806324
Босқындарды құтқарып қалды

Румынияда жағалау қауіпсіздік қызметкерлері босқындарды аман алып қалды. Қаратеңізде бір қайықтағы 150-ден астам босқын құтқарылды.

Румыния Жағалау қауіпсіздік қолбасшысының орынбасары Кристиан Чичу Константа портында жағаға жеткізілген ескі қайықта 153 босқын болғанын,  олардың 53-інің бала екенін білдірді.

Румыния су айдынына кірген қайық көмек сигналын жолдаған.  Қайықты құтқару үшін жағалау қызметінің екі қайығы жолға шыққан. Құтқарушылардың босқындар қайығына жетуіне толқын мен аласапыран жел кедергі болған.  Артынан қайық Бухарест қаласына 250 км қашықтықтағы Константа портына жеткізілген.


Этикеттер: #қайық , #босқын , #Румыния

Ұқсас жаңалықтар