380 мың бала жеткіліксіз тамақтанады

Йеменде 5 жастан кіші 380 мың бала жеткіліксіз тамақтанады.

806326
380 мың бала жеткіліксіз тамақтанады

Йеменде 5 жастан кіші 380 мың бала жеткіліксіз тамақтанады.

ЮНИСЕФ Йемен өкілеттігінің хабарламасында «жеткіліксіз тамақтанумен» күресуге мәжбүр болған балалардың өміріне қауіп төніп тұрғаны айтылды.

Хабарламада «Елдегі оқиғалар басталмай тұрып 2014 жылдың деректеріне қарағанда бұл көрсеткіш 160 мың болса,  2015 жылы 210 мың, 2016 жылы 360 мың,  қазір 380 мың болды» деп атап көрсетілді.

Әлемдегі ең ірі дағдарыстардың бірі болып жатқан Йеменде миллиондаған адам аштық қаупімен бетпе-бет.

БҰҰ Гуманитарлық істер координация кеңесісі де Йеменде халықтың үштен екеуінің гуманитарлық көмекке және қорғауға мұқтаж екенін,  баспана,  азық-түлік, су және медициналық қызметтердің жедел мұқтаждықтар арасына енгенін хабарлаған болатын. 


Этикеттер: #Йемен , #бала , #ЮНИСЕФ , #БҰҰ

Ұқсас жаңалықтар