Бір миллион оқушы қолтаңба жинады

Палестиналық бір миллион оқушы «тәуелсіз Палестина» үшін қолтаңба жинады.

805993
Бір миллион оқушы қолтаңба жинады

Палестиналық бір миллион оқушы «тәуелсіз Палестина» үшін қолтаңба жинады.

Израильдің Палестина жеріндегі басқыншылығының тоқтауы және тәуелсіз Палестинаның құрылуы үшін оқушылар хат жазып,  БҰҰ бас хатщысы Гутеррешке беру үшін Палестина басшысы Аббасқа тапсырды.

Махмут Аббас осы хатты БҰҰ бас хатшысына тапсырады.

«Бұл хат халқымыздың еркіндік және тәуелсіздігіне қауышу тілегінің бір көрсеткіші.  Сонымен бірге бұл хат палестиналық оқушылардың отан тәуелсіздігі және халықтың жарқын болашағын құруға деген талпынысын көрсетеді» деді ол.

Палестина Білім беру министрлігі тамыз айының аяғында Палестинаның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін қолтаңба қою акциясын бастатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар