Иран мен Түркияның қарым-қатынасы жақсы дамиды

Бехрам Касыми Иран Түркиямен қарым-қатынастарды дамыта бастағанын айтты.

805275
Иран мен Түркияның қарым-қатынасы жақсы дамиды

Бехрам Касыми Иран Түркиямен қарым-қатынастарды дамыта бастағанын айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Бехрам Касыми Түркиямен қарым-қатынастарды дамыта бастағанын және алдымыздағы айларда жоғарғы деңгейде кездесулер арқылы байланыстардың тіпті күшейетінін  айтты.

Бехрам Касыми Президент Режеп Тайып Ердоған мен Иран Президенті Хасан Руханидің Қазақстанның елордасы Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінде кездескенін еске салды.

Руханидің осы кездесуден кейін айтқан «Түркия-Иран қарым-қатынастары жаңа бір кезеңге кірді»деген сөздерін түсіндірген мәлімдемеші Касыми соңғы айларда жоғарғы деңгейдегі кездесулер болатынын білдірді.

Бехрам Касыми «Жоғарғы деңгейде кездесулер алдымыздағы айларда да жалғасады. Екі жақты қарым-қатынастарда жаңа бір кезең болады. Екі ел аймақта және жаһандық салада қалыптасқан жаңа шарттар себепті өзара  бірбірлерінің ерекшеліктерінен пайдаланғысы келеді» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар