Қауіп төнген жағдайда Солтүстік Кореяға тойтарыс беріледі

Мэттис ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Солтүстік Кореяға ескерту жасады.

800592
Қауіп төнген жағдайда Солтүстік Кореяға тойтарыс беріледі

Мэттис ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Солтүстік Кореяға ескерту жасады.

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис мемлекетіне немесе одақтастарына қарата бір қауіп төнген жағдайда Солтүстік Кореяға қатал әскери тойтарыс беретіндерін айтты.

Джеймс Мэттис Ақүйдің ауласында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Солтүстік Кореяға ескерту жасады.

 Мэттис «Америка Құрама Штаттарына, Гуамды қамтыған барлық территорияларына немесе одақтарымызға әрқандай бір қауіп төнген жағдайда қатал түрде әскери тойтарыс береміз» деді.

Қорғаныс министр Джеймс Мэттис Солтүстік Кореяның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің ережелеріне бойсұнуы керектігін түсіндірді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп та жасаған мәлімдемесінде Солтүстік Кореяның сауда ортақтарын жазаландыруды ойластырғанын да атап өтті.

АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілі Никки Хейли де осы тақырыпта жасаған мәлімдемесінде жиналыстың бүгін сағат 17:00-де басталатынын білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гүтеррес те Солтүстік Кореяны қатал айыптады.

 



Ұқсас жаңалықтар