БҰҰ Солтүстік Кореяны қатаң түрде айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі баллистикалық зымыран сынағын өткізген Солтүстік Кореяны қатаң түрде айыптады.

798689
БҰҰ Солтүстік Кореяны қатаң түрде айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі (БҰҰҚК) Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағын қатаң түрде айыптап, әртүрлі ядролық бастамасын тоқтатуын талап етті.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның шақыруымен жабылған отырыста басқосты. Отырыста АҚШ тарапынан дайындалған әкімшілік декларация талқыға салынды.

Жалғасқан келіссөздер нәтижесінде Кеңеске мүше 15 елдің бекітуімен әкімшілік декларация қабылданды.

Декларацияда Солтүстік Кореяның Жапония арқылы зымыран сынағы қатаң түрде айыпталып, «шектен шығу» ретінде бағаланған бұл сынақтардың мақсатты түрде аймақтық бейбітшілік және тұрақтылықты нысанаға алғаны атап көрсетілді.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Корея түбегін ядролық зымырандардан тазалау тақырыбында табанды» делінген декларацияда Солтүстік Кореядан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне бағынуы, қайтадан баллистикалық зымыран сынағы өткізбеуі және барлық ядролық жұмыстарын тоқтатуы талап етілді.

Декларацияда мәселенің шешімінің дипломатиялық және бейбітшіл әдістермен байланысты екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар