Бағдаттағы бомбалы шабуылда 11 адам қаза тапты

Террористтер Бағдаттағы бір базарды нысанаға алды.

797938
Бағдаттағы бомбалы шабуылда 11 адам қаза тапты

Ирактың бас қаласы Бағдатта бір базарды нысанаға алған террористтердің бомбалы шабуылында 11 адам қаза тапты.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда Бағдаттың шығысындағы «Джемиле» жеміс-жидек базарында бомба тиелген бір көлік жарылды.

Шабуылда 8 адам да жарақат алды.

Бағдатта кеше де бомба тиелген бір көлікпен бірдей уақытта жасалған шабуылда 5 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар