Ресей мен Қытай АҚШ-қа наразылық көрсетті.

Пекин мен Мәскеу әкімшіліктері АҚШ қабылдаған соңғы санкция шешіміне наразылық көрсетті.

795888
Ресей мен Қытай АҚШ-қа наразылық көрсетті.

АҚШ-тың Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жетілдіруіне жәрдем еткені алға тартылған оры және қытайлық фирма мен тұлғаларға бағытталған санкция шешіміне Пекин мен Мәскеу әкімшіліктерінен қатаң наразылық келді.

Ресейдің БҰҰ Тұрақты өкілі Василий Небензия «Ресеймен қарым-қатынастарды бір қалыпқа келтіруді айтып отырған АҚШ-тың бұл қадамы болымды атмосфера құруға үлес қоспайды» деді.

Небензия журналисттерге жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың бір жақты санкцияларын айыптап, бұл санкциялардың заңды емес екенін атап айтты.

Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хуа Чунйинг болса Пекиндегі кезекті баспасөз жиналысында Вашингтон әкімшілігін қытайлық фирмаларға бағытталған санкция шешімінен бас тартуға шақырды.

АҚШ әкімшілігі Солтүстік Кореяның ядролық қару және баллистикалық зымыран бағдарламасына қолдау бергені себебімен көпшілігі оры және қытайлық 16 адам мен мекеме жайлы санкция шешімі қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар