Ливан армиясы елдің шығысын 80 пайыз ДАИШ-тен құтқарды

Ливан армиясы бастаған "Таулардың таңы" атты операция жалғасуда.

795115
Ливан армиясы елдің шығысын 80 пайыз ДАИШ-тен құтқарды

Ливан армиясы елдің шығысындағы Ра-с Баалбек, Әл-Факиха және Әл-Каа аудандарының таулық аймақтарында ДАИШ террор ұйымына қарсы бастаған «Таулардың таңы» атты операцияның 4-ші күнінде ұйымның бақылауындағы аймақтың 80 пайызын кері қайтарғандарын жариялады.

Ливан армиясы мәлімдемешісі Али Кансу Қорғаныс министрлігі ғимаратында болып өткен баспасөз жиналысында операцияның 4-ші күнінде ДАИШ-тің бақылауындағы аймақтың 80 пайызын кері қайтарғандарын атап көрсетті.

Кансу армияның аймақта 20 шақырымдық бір алаңға қысылған ДАИШ-тік террористтермен күрестің жалғасқанын да мәлімдеді.

Ливан армиясы елдің шығысындағы Ра-с Баалбек, Әл-Факиха және Әл-Каа аудандарының таулық аймақтарында ДАИШ-ке қарсы 19 тамыз күні ауқымды бір операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар