АҚШ-та пойыз апаты

АҚШ-тың «Upper Darby» аймағындағы станцияда жүрдек пойыз аялдаған бір пойызға соқтығысты.

794493
АҚШ-та пойыз апаты

АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарасты Филадельфия қаласында аялдаған пойызға басқа бір пойыздың соқтығысуы салдарынан 33 адам жарақат алды.

Оңтүстік Пенсильвания топтық көлік тасымалдау дирекциясы жергілікті уақытпен сағат 00:15-те «Upper Darby» аймағындағы станцияда жүрдек пойыздың аялдаған бір пойызға соқтығысқанын жариялады.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда апатта 33 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Ауруханаға жеткізілген жаралылардың төртеуінің жағдайы ауыр екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар