Иракта Талль-Афар операциясы басталды

Иракта террор ұйымы ДАИШ-тің бақылауындағы түрікмен қаласы Талль-Афарға операция бастады.

790080
Иракта Талль-Афар операциясы басталды

Ирак армиясы Құрлық күштері қолбасшылығында қызмет еткен генерал майор Шемсеттин Мұхаммед Анбери халықаралық коалиция күштеріне тиесілі F-16 соғыс ұшақтарының түңгі уақытта Талль-Афар қала орталығы мен айналасындағы террор нысаналарына 13 шабуыл жасағанын атап көрсетті.

Анбери Ирак армиясына қарасты зеңбірек жасақтарының да ДАИШ-ке тиесілі нысаналарды атқылап, халықаралық коалиция күштеріне қолдау бергенін білдірді.

ДАИШ террор ұйымы Мосул қала орталығының 63 шақырым батысында орын алған және түрікмендер жиі өмір сүрген Талль-Афарды 2014 жылы 16 маусым күні бақылауға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар