"Төтенше жағдайдан шығамыз"

Франция премьер-министр төтенше жағдайды алып тастауды жоспарлап отырғандарын білдірді.

787299
"Төтенше жағдайдан шығамыз"

Франция премьер-министр Эдуард Филипп 1 қараша күні төтенше жағдайды алып тастауды жоспарлап отырғандарын білдірді.

Филипп бас қала Парижде кеше көлікпен әскерлерді таптап өтіп, 6 әскерді жаралаған шабуылдаушыны ұстаған қауіпсіздік күштерін құттықтағаннан кейін төтенше жағдай жөнінде мәлімет берді.

«Көп уақыттан бері төтенше жағдайда өмір сүріп келеміз.  Жағдай 2015 жылғы қараша айынан бері жалғасуда» деген премьер-министр 1 қарашада төтенше жағдайдан шығуды жоспарлап отырғандарын айтты.

Филипп төтенше жағдайдың тек уақытша процес болуы керектігін атап көрсетті.

Төтенше жағдайдан шыққаннан кейін Францияның қауіпсіздігін қамдау үшін жаңа заңдар шығарылатынын айтқан Филипп «Алайда қауіп үлкен және тұрақты. Қауіпсіздікті қамдауды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар